OzatAi.kz

Жария оферта

Редакция: 25.09.2026 Орындаушы: ЖК Ермекбаева Алтын Мұхтарқызы
Бұл — жария оферта, яғни ҚР Азаматтық кодексінің 395-бабына сәйкес шарт жасасу туралы ұсыныс. Тіркелу немесе қызметті пайдалану — осы шарттарды толық қабылдау болып саналады. Тілдер арасында алшақтық болса, қазақ тіліндегі нұсқа басым.

1. Терминдер

2. Оферта пәні

Орындаушы Пайдаланушыға қысқа мерзімді сабақ жоспарын (ҚМЖ), бағалау тапсырмаларын (БЖБ/ТЖБ), тесттерді, презентацияларды, жұмыс парақтарын, ойындарды және өзге де оқу материалдарын жасауға арналған қызметті ұсынады, ал Пайдаланушы оны осы оферта шарттарымен пайдаланады.

Қызметке әдеби шығармаларға арналған анықтамалық материалдар («Шығарма картасы») және оқушылардың шығарма кейіпкерімен оқу чаты («Кейіпкер») да кіреді. Жекелеген бөлімдер барлық Пайдаланушыға бірдей ашылмауы мүмкін (сынақ режимі).

3. Шарттың жасалуы

Шарт Пайдаланушы аккаунт құрған сәттен бастап жасалды деп есептеледі. Тіркелу арқылы Пайдаланушы осы офертаны және Құпиялылық саясатын оқығанын әрі қабылдағанын растайды. Сонымен қатар Пайдаланушы 18 жасқа толғанын және қызметті педагогтік қызметінде пайдаланатынын растайды.

4. Аккаунт

5. Тариф, Бірлік және төлем

Қолданыстағы тарифтер мен олардың құны сайттың «Тарифтер» бөлімінде және кабинетте көрсетіледі. Бағалар теңгемен беріледі.

5.1. Бірлік квотасы

Бірлік беретін тарифтерде квота төлем кезеңіне қарай беріледі:

Квота кезеңі біткенде пайдаланылмаған қалдық келесі кезеңге өтеді, бірақ сол кезеңдегі тарифтің бір айлық квотасынан аспайды; одан асқаны жанады. Жазылым біткен соң бұл қалдық 7 (жеті) күн сақталады — осы мерзімде ұзартсаңыз, ол да өтеді. Квота қалдығы ақшалай өтелмейді (ақшаны қайтару — 6-бөлім бойынша).

5.2. Сыйлық Бірлік

Тіркелген кезде бір рет берілетін 35 Бірлік сынақ кезеңіне арналған: олар тіркелген сәттен бастап 3 (үш) күн бойы жарамды. Сынақ кезеңі біткенде не Бірлік таусылғанда пайдаланылмаған қалдық жанады, ал жұмысты жалғастыру үшін тариф төлеу қажет. Сынақ бір телефон нөміріне бір рет беріледі (аккаунт жойылып, қайта тіркелсе де). Акциялар мен шақыру бойынша берілетін бонустар сатып алынған Бірлікке теңестіріледі (5.3-тармақ); квота алғаш толық таусылғанда берілетін бір реттік сыйлық ағымдағы квота кезеңімен бірге жанады.

5.3. Қосымша сатып алынған Бірлік

Бөлек сатып алынған Бірлік пакеттері квота кезеңінің соңында жанбайды және сатып алынған күннен бастап 12 (он екі) ай бойы жарамды. Есептен шығару алдымен тариф квотасынан, ол таусылғанда ғана сатып алынған қалдықтан жүреді.

5.4. Ұзарту және тарифті ауыстыру

5.5. Төлем және баға

6. Ақшаны қайтару

Пайдаланушы — тұтынушы, сондықтан «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңы қолданылады.

6.1. Қызмет көрсетілмесе

Орындаушының кінәсінен қызмет қолжетімсіз болса (тәулік ішінде 24 сағаттан астам үзіліссіз), сол кезең үшін төленген сома толық қайтарылады.

6.2. Пайдаланушының бас тартуы

Мерзімі бітпей тұрып бас тартқанда:

6.3. Қайтарымға кірмейтіні

Сыйлық Бірлік пен қосымша сатып алынған пакеттердегі Бірлік жазылым қайтарымының есебіне кірмейді. Ішінара пайдаланылған пакеттің құны қайтарылмайды.

6.4. Комиссия

Төлем жүйесінің комиссиясы шынымен ұсталған әрі қайтарылмайтын болса, ол қайтарылатын сомадан шегеріледі.

6.5. Тәртібі

Өтініш аккаунттың телефон нөмірін көрсете отырып ozatai2026@gmail.com арқылы беріледі. Қарау мерзімі — 5 (бес) жұмыс күні. Ақша төлем жасалған тәсілмен қайтарылады.

7. AI жасаған мазмұн туралы

Материалдар жасанды интеллект көмегімен дайындалады. AI қателесуі мүмкін: деректі бұрыс беруі, оқу мақсатын дәл сәйкестендірмеуі, тапсырманы сыныпқа шамалас емес деңгейде құрастыруы ықтимал.

Сондықтан дайын материалды сабақта қолданар алдында педагог тексеруге тиіс. Орындаушы материалдың мазмұнының дәлдігіне, оқу бағдарламасына сәйкестігіне және оны пайдалану салдарына кепілдік бермейді.

7.1. Анықтамалық материалдар. Шығарма карталары мен өзге анықтамалық материалдарды Орындаушы алдын ала AI көмегімен дайындайды, оларды әдіскер тексереді. Тексерілген бөліктер «тексерілген» деп, қалғандары «AI дайындаған, мұғалім тексеруі керек» деп белгіленеді. Мазмұндама, сипаттама және түсіндірме — шығарма авторының мәтіні емес.

7.2. Таңбалау. AI көмегімен жасалған материал интерфейсте және жүктелетін файлда (колонтитул, құжат қасиеттері) белгіленеді. Материалды басқаға бергенде Пайдаланушы бұл белгіні өшірмейді.

7.3. Пайдаланушының сұрағына жауап. Шығарма туралы сұраққа AI берген жауапты алдымен тек Пайдаланушы көреді; оны сыныпқа көрсету-көрсетпеуді өзі шешеді.

7.4. «Кейіпкер» чаты. Пайдаланушы чатты сабақта ашып, оқушыларға QR-код көрсетеді; оқушылар аккаунтсыз әрі аты-жөнін жазбай қосылады. Кейіпкер тек шығарманың анықтамалық материалы бойынша жауап береді, ал оқушы алғашқы сұрағына дейін AI-мен сөйлесетінін көреді. Чат оны пайдалануға құқық жол беретін шығармалар бойынша ғана ашылады; «бірінші жақтан» тек ойдан шығарылған, аңыз бен ертегі кейіпкерлері сөйлейді — нақты адамдар емес. Пайдаланушы өз чатындағы барлық сөйлесуді көреді.

Пайдаланушы:

Орындаушы қауіпсіздік сүзгісін қолданады, бірақ AI қателігі туралы осы бөлімнің ережелері мұнда да қолданылады.

8. Материалдарға құқық

9. Пайдаланушының міндеттері

Пайдаланушыға тыйым салынады:

Оқушылар туралы дерек енгізгенде Құпиялылық саясатының 5-бөлімін қараңыз: оқушының аты-жөнін енгізудің қажеті жоқ.

10. Жауапкершілікті шектеу

10.1. Қызмет «бар күйінде» ұсынылады. Орындаушы AI жасаған материалдың деректік дәлдігіне және оқу бағдарламасына сәйкестігіне кепілдік бермейді (7-бөлімді қараңыз).

10.2. Қазақстан Республикасының заңнамасы рұқсат ететін шекте Орындаушының осы шарт бойынша жиынтық жауапкершілігі талап қоюға негіз болған оқиғаның алдындағы соңғы 3 (үш) айда Пайдаланушы нақты төлеген сомамен шектеледі.

10.3. Орындаушы жіберіп алынған пайдаға, жанама шығынға, сондай-ақ материалды педагог тексермей қолданудың салдарына жауап бермейді.

10.4. 10.2-тармақтағы шектеу заңнама бойынша жауапкершілікті шектеуге болмайтын жағдайларға — қасақана келтірілген зиянға, өмір мен денсаулыққа келтірілген зиянға және тұтынушының заңмен кепілдендірілген құқықтарына — қолданылмайды.

11. Қызметтің қолжетімділігі

Қызмет «бар күйінде» ұсынылады. Техникалық жұмыстар, жеткізушінің ақауы немесе еңсерілмейтін күш жағдайында үзіліс болуы мүмкін. Жоспарлы жұмыстар туралы алдын ала хабарлауға тырысамыз.

12. Шарттың мерзімі және бұзылуы

13. Дауларды шешу

Осы шарттан туындайтын қатынастарға Қазақстан Республикасының заңнамасы қолданылады.

Тараптар дауды алдымен келіссөзбен шешуге тырысады. Талап-арыз ozatai2026@gmail.com арқылы жіберіледі және 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

Келісімге келмеген жағдайда дау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сотта шешіледі. Тұтынушының талап-арызды өз тұрғылықты жері бойынша беру құқығы сақталады.

14. Орындаушының деректемелері

Толық атауы: Жеке кәсіпкер ЕРМЕКБАЕВА АЛТЫН МҰХТАРҚЫЗЫ
ЖСН: 961101401675
Мекенжайы: Шымкент қаласы, Абай ауданы, Ақжайық шағын ауданы, Естай Ақын көшесі, 59-үй
Банк: «Kaspi Bank» АҚ
БСК (БИК): CASPKZKA · КБе: 19
ЖСК (шот): KZ71722S000045909246
Телефон: +7 775 198 40 80
Email: ozatai2026@gmail.com