OzatAi.kz

Дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім

Редакция: 25.09.2026
Бұл — қысқа әрі толық мәтін. Толығырақ түсіндірме Құпиялылық саясатында.

OzatAi.kz қызметінде аккаунт құру арқылы мен, 18 жасқа толған дербес деректер субъектісі, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» ҚР Заңына сәйкес операторға — жеке кәсіпкер Ермекбаева Алтын Мұхтарқызы, ЖСН 961101401675 — төмендегі деректерімді жинауға және өңдеуге өз еркіммен келісім беремін.

Қандай деректерге

Не үшін

Аккаунтты жүргізу және кіргізу; мен сұраған оқу материалдарын дайындау; жұмыстарымды сақтау; тариф пен төлемді есептеу; қолдау көрсету; қызметтің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Қандай әрекеттерге

Жинау, жазу, сақтау, өзгерту, пайдалану, беру ( саясаттың 6-бөлімінде аталған жеткізушілерге), иесіздендіру, бұғаттау және жою.

Шетелге беруге келісім

Материал жасау үшін мен енгізген сұраныс мәтіні Қазақстаннан тыс жерде орналасқан AI-жеткізушілерге (Anthropic, OpenAI, HeyGen, ElevenLabs, fal.ai) беріледі — мен бұған келісім беремін.

Мен сұраныс мәтініне, «Оқушылар» бөліміне және AI-ға қойылатын сұрақтарға оқушылардың аты-жөнін немесе өзге де жеке мәліметін енгізбеуге міндеттенемін. Оқушыларға «Кейіпкер» чатын ашқанда, оларға өздері туралы жазуға болмайтынын түсіндіремін. Егер мұндай мәлімет енгізсем, ата-анасының (заңды өкілінің) келісімін алу жауапкершілігін өзім көтеремін.

Мерзімі және кері қайтару

Келісім аккаунт әрекет ететін мерзім бойы жарамды. Мен оны кез келген уақытта ozatai2026@gmail.com арқылы кері қайтарып ала аламын. Кері қайтарған жағдайда аккаунт жойылатынын және қызметті пайдалану тоқтайтынын түсінемін.